Қызметтер

Әлеуметтік –медициналық қызметтер

Балалардың денсаулығын нығайтуда денсаулық сақтаудың ұйымдасқан ортасы жүйелілікті қамтамасыз етеді. Мекеменің балаларына медициналық терапия, психологиялық және педагогикалық түзетулер, әлеуметтік бейімдеу енетін оңалтудың кешенді көмегі көрсетіледі. Мүгедектігі бар балаларға кешенді медициналық-педагогикалық ықпал етудің, сондай-ақ жеке-дара көзқарастың арқасында ұжым баланың дамуына және әлеуметтік бейімделуіне оң серпін береді.

(Балалар үшін ерте дамуының жүйесі)

Әлеуметтік – тұрмыстық қызметтер

Оңалту іс-шараларын ұйымдастыру үшін емдеу-еңбектік, оқыту, мәдени және тұрмыстық қызмет алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Ол балалардың гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес дамуын қамтамасыз етеді:

I.

  • жататын бөлмелер;
  • ойын бөлмелері;
  • жиһаз, жабдықтар, жұмсақ мүліктер;
  • бес реттік тамақтану;
  • автокөлік құралдары.

II.

  • сенсорлық бөлме;
  • арнайы орта Монтессори кабинеті;
  • физиокабинет (ЛФК);
  • логопед, психолог, дефектологкабинеттері;
  • әлеуметтік – тұрмыстыққа бейімдеу бөлмесі;
  • лекотека, кітапхана;
  • арт-терапия кабинеті;
  • музыкалды зал;
  • тігін, ағаш ұстасы шеберханалары;
  • қысқы жылыжай;
  • ойын, спорталаңдары;
  • дене тәрбиесі залы;
  • спорталаңдары.

Әлеуметтік –психологиялық қызметтер

Мекеменің балалары психологиялық жарақаттанудан сақтайтын жағдайда тұрады. Психолог жүзегеасырғанжұмыспсихологиялықпроцестердітүзетуге, мінез-құлықтағыауытқулардыескеругежәнеоны әлсіретугебағытталған.Монтессори мен сенсорлық бөлмедегі сабақтар өзін бағалау және өз күшіне сену мүмкіндігін нығайтуға көмектеседі.

Әлеуметтік –педагогикалық қызметтер

Оқыту-тәрбиелеу үрдісі Алматы қаласының баспасынан 2004 жылы шыққан «Ойлау қабілеті ауыр формадағы балаларға арналған түзету және оқыту бағдарламасы» бойынша және оңалтудың кешенді орталығының моделдері негізінде жүргізіледі. Педагогикалық ұжым вариативті, жалпы дамыту және түзету бағдарламаларын таңдауда тәуелсіз.


Балалар алдыңғы қатарлы бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндігі бар, мысалға:


  • арт-терапия
  • еңбек терапиясы
  • агротерапия
  • кинезиотерапия
  • гарденотерапия
  • акватерапия
  • бейнелеу өнер терапиясы
  • эгротерапия

Әлеуметтік –экономикалық қызметтер


Мүгедектігі бар балаларғаөмір сүру жағдайларын жақсартуға, жәрдемақыларға, өтемақылар мен басқа төлемдерге ақы төлеуге жәрдемдесуді мекеменің білікті экономисттері қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік – құқықтық қызметтер


Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындаған сұрақтар бойынша заңды кеңес беретін және заңды құндылығы бар әртүрлі құжаттарды дайындау мәселелері бойынша мекеменің заңгері қызмет етеді.

Әлеуметтік - мәдени қызметтер

Мекемеде анимациялық қызмет көрсетудің жоспары бойынша мейрамдар мен бос уақыттарын өткізу шаралары ұйымдастырылады. Балалардың шығармашылық дамуы үшін «Сазбен жұмыс пластикасы», «Бисермен тоқу», «Қағазбен жұмыс пластикасы», «Жас актер» және басқа да үйірмелер жұмыс істейді. Біздің балалар мәдени ісшараларға театр, көрме, парк, концерт, цирк, кинотеатрларға жиі барып тұрады.

Әлеуметтік – еңбектік қызметтер

Мекемеде балаларды еңбекке баулу және дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Тігін, ағаш ұстасы шеберханаларында және қысқы жылыжайда балалар еңбек дағдыларының элементтерін игеріп, ұжыммен жұмыс істеуге үйреніп, өз жұмысының нәтижесін көреді.

FaLang translation system by Faboba