Қабылдау тәртібі

«Нұрлы жүрек» ӘҚКО» жолдама алғысы келетіндер өтінішпен «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ (ары қарай – Басқарма) барулары қажет. Басқармада әлеуметтік мекеменің стационарлық немесе күндізгі бөліміне орналасу үшін қажетті құжаттар тізімін аласыздар. Жинақталған құжаттармен тағы да Басқармаға бару қажет. Жинақталған құжаттар қарастырылып, әлеуметтік мекеменің стационарлық немесе күндізгі бөліміне орналасуға жолдама беру туралы сұрақты шешіп береді.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. 1) қызмет алушының жазбаша өтініші, егер кәмелетке толмағандар мен қабілетсіз адамдар орнына жазбаша өтінішті - заңды өкілі (ата-анасының біреуі, қорғаншы, қамқоршы, асырап алушы және олардың орнын басатын басқа адамдар, осы Кодекске сәйкес баланың құқықтары мен мүдделерін, он сегіз жастан асқан тұлғалардықамқорлыққа алу, білім, тәрбие, қорғау) осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес немесе медициналық ұйымына өтініш;
  2. 2) қызмет алушының жеке куәлігінің (жеке сәйкестендіру нөмірімен) көшірмесі (ары қарай – ЖСН);
  3. 3) мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;
  4. 4) осы стандарттың 2 қосымшасына сәйкес медициналық картасы;
  5. 5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме;
  6. 6) он сегіз жастан асқан тұлғаларға қабілетсіз адам екенін растайтын сот шешімінің көшірмесі.
FaLang translation system by Faboba